>>
Считаете ли Вы важными знания экономики?
Ответить!
 


Главная страница > Новости > 

Жастарға психологиялық және құқықтық көмек көрсету және патронат ата-аналарға әдістемелік кабинетін ұйымдастыру жобаларының корытындысы

«Қазақстанның тәуелсіз ұрпағы» қоғамдық бірлестігі Жастарға психологиялық және құқықтық көмек көрсетуге арналған дағдарыс орталығын ашу, деструктивті әрекеттің алдын-алу үшін арналған шаралар кешенін өткізу және жетім балалар мен ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасы құрылымын дамыту мақсатында патронат ата-аналарға әдістемелік кабинетін ашу жобаларының шеңберінде атқарылаған жұмыстары туралы есепті дөнгелек үстел өткізеді. Жобалар – Атырау облысы білім беру басқарманың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша іске асырылады.

 

Жастар дағдарыс орталығы – Атырау қ. Жастарға тегін кешенді мамандандырылған көмек көрсету үшін құрылды. (Жасы 29-ға дейін). Орталықтың жұмыс ерекшеліктері: өмірлік қиын жағдайларға және әлеуметтік қауіпті жағдайларға душар болған жастарға көмек көрсету. Жастарға көмек көрсету және оларды қолдау үшін Орталықта психологтар, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, заңгер-кеңесші жұмыс істейді.

 

Дағдарыс орталығы келесі санаттағы жастарға: әлеуметтік тәуекел тобынан шыққандарға;  психофизикалық жәбір көргендерге; кәмелетке толмаған аналарға; толық емес жанұядан шыққан балаларға, балалар үйінен және интернаттан  шыққан балаларға; жас жанұяларға өз қызметтерін ұсынады.

 

Орталықта жұмыс келесі бағыттар бойынша жүргізілді: орталыққа хабарласқан жастар үшін кеңесті ұйымдастыру және өткізу бойынша психологиялық-педагогикалық жұмыстар, жеке кеңес беру және тестілеу, тренингтік тақырыптық сабақтар.

 

Қоғамдық бірлестіктің екінші жобасы - «Жетім балалар мен ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасы құрылымын дамыту мақсатында патронат ата-аналарға әдістемелік кабинетін ашу». Міндеттері: Патронаттық жанұялар мен мамандар үшін анық және сапалы ақпаратты құру және тарату, тәрбиелеудің отбасылық үлгісін дамыту үшін саясатқа және қоғамдық пікірге әсер ету, отбасылық құрылымға мұқтаж балалар туралы ақпаратты тарату; Асырап алушы ата-аналар мектебінде  сабақтар өткізу. Сервистік жоспарды құру және әдістемелік ұсыныстарды шығару, Патронаттық отбасыларын қолдау және насихаттау жөніндегі іс-шаралардың кешенін ұйымдастыру және оларға көмек көрсету.

 

Осылайша, іс-шаралар кешені – жастардың құқықтық білімдерін арттыруға, заңға және қоғамдағы белгіленген тәртіп ережелері мен нормаларына құрмет танытуға бағытталатын болды. 

https://youtu.be/xe7jzRPhD8E

 
 
Дата публикации: 16 ноября 2016 года

Вернуться к списку новостей
 
Бюджетный календарь
Расписание бюджета на ближайшие месяцы
 
Конкурсы
Раз в месяц мы устраиваем конкурсы, в которых может участвовать любой желающий