>>
Считаете ли Вы важными знания экономики?
Ответить!
 


Главная страница > Новости > 

«Балдәурен» балалар шығармашылығының жетістіктер шеруі

 2016 жылы 11 қараша күні Н.Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясында «Қазақстанның Тәуелсіз Ұрпағы» Жастар Қоғамдық Бірлестігі Атырау облысы білім беру басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ерекше қажеттіліктері бар балаларға арнайы педагогикалық көмек көрсету саласындағы мемлекеттік әлеуметтік саясат стратегиясын жүзеге асыру жобасы аясында «Балдәурен» ерекше қажеттіліктері бар балалрдың шығармашылығының жетістіктер шеруін ұйымдастырды.

Шараға Атырау облысы әкімінің мүгедектер мәселелері жөніндегі кеңесшісі Абдрахимов М., облыстық білім беру басқармасының, қамқоршылық және қорғаншылық бөлімінің басшысы Каюпова Анар Маратқызы, Атырау облыстық психологиялық-медициналық-педогогикалық консультация" мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі Айтенова Зауреш Адиевна, "№1 Атырау қаласының психологиялық-медициналық педагогикалық консультациясы" мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі Гумарова Гульрайхан Гизатовна, Облыстық есту органы зақымдалған балаларға арналған арнайы (түзеу) мектеп-интернат ұжымы мен Тіл мүкістігі бар балаларға арналған облыстық №3 арнаулы мектеп-интернат қызметкерлері қатысты.

Жоба міндеттері: Балаларға арнайы іс-шаралардың кешенін ұйымдастыру және оларды қоршаған ортаға бейімдеу; Арнайы білім беру саласындағы педагогтардың қызмет сапасын арттыру; «Балдәурен» балалар шығармашылығының жетістіктер шеруін ұйымдастыру

Жоба шеңберінде облыстық есту органы зақымдалған балаларға арналған арнайы түзеу мектеп-интернаты мен тіл мүкістігі бар балаларға арналған облыстық №3 арнаулы мектеп-интернатының қызметкерлері ертегі-терапия, қуыршақ-терапия, арт-терапия әдістемелеріне оқытылып, интернат-тәрбиеленушілеріне үйірме ұйымдастырылды.

«Балдәурен» балалардың шығармашылық жетістіктерін көрсету мақсатында «Балдаурен» шеруіндегі 6 номинация бойынша байқау өткізледі. Олар: ән, би, балалар өлеңдері, арт-терапия, қуыршақ-терапия, ертегі-терапия бойынша орындалған шығармашылық жұмыстар. Әрбір номинацияда екі жүлделі орын қарастырылды.

«Балдәурен» шеруін қонақтары балаларға өз музыкалық нөмірлерің сыйлады: «Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжінің оқытушысы Жамиев Жәнібек Жантұрсынұлының күй Попури орындады. Вероника Кошманова "Vero kids" модельдік мектебінің қатысушылары: Аманкоскызы Дильназ би, Шеркешбаева Амина ән сыйлады.

"Балдәурен" жобасы туралы бейне ролик. 

https://youtu.be/kxmGwyfa_5Q

 
Дата публикации: 11 ноября 2016 года

Вернуться к списку новостей
 
Бюджетный календарь
Расписание бюджета на ближайшие месяцы
 
Конкурсы
Раз в месяц мы устраиваем конкурсы, в которых может участвовать любой желающий